«Адамдарға әскери қызмет өткергенiн растау туралы анықтамалар беру»


с. 1
Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2223 қаулысымен    
бекiтiлген       

«Адамдарға әскери қызмет өткергенiн растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Адамдарға әскери қызмет өткергенiн растау туралы анықтамалар беру» стандарты (бұдан әрi - Стандарт) әскери қызмет өткергенiн растау туралы анықтамалар алу тәртiбiн айқындайды.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1232 (ҚБПҮ) қаулысымен, Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi әскери басқару органдары туралы ереженiң 9-тармағы 29) тармақшасының және «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады. P100745 қараңыз
      4. Мемлекеттiк қызмет жергiлiктi әскери басқару органдары (бұдан әрi - ЖӘБО), сондай-ақ баламалы негiзде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетiледi. ЖӘБО мен Орталықтардың тiзбесi осы Стандартқа 2, 3-қосымшаларда көрсетiлген.
      5. Өтiнiш берушi алатын көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны әскери қызмет өткергенiн растау туралы анықтама беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi:
      ЖӘБО-ға өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) құжаттарды ресiмдеу мерзiмi 1 жұмыс күнi.
      Анықтама беру үшiн ақпарат және қажеттi мәлiметтер болмаған кезде мерзiмi 1 айға дейiн ұзартылады. ЖӘБО сұралған ақпаратты растау үшiн одан әрi сұрау салушыға мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы хабарлай отырып, тиiстi органдарға сұрау жолдайды.
      Таяу шетел мемлекеттерiнiң мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтаманы беру мерзiмi 3 айға дейiн ұзартылады;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру үшiн кезек күту уақыты 30 минуттан артық емес;
      3) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi ретiнде құжаттарды алу үшiн күту - өтiнiш бiлдiрген сәттен бастап 10 минут.
      Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) құжаттарды ресiмдеу мерзiмi ЖӘБО-ға қажеттi құжаттар түскен күннен бастап 1 жұмыс күнi (құжаттарды қабылдау күнi және беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).
      Анықтама беру үшiн ақпарат және қажеттi мәлiметтер болмаған кезде мерзiмi 1 айға дейiн ұзартылады. ЖӘБО сұралған ақпаратты растау үшiн одан әрi сұрау салушыға мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы хабарлай отырып, тиiстi органдарға сұрау жолдайды.
      Таяу шетел мемлекеттерiнiң мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтаманы беру мерзiмi 3 айға дейiн ұзартылады;
      2) құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң рұқсат етiлген шектi уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат етiлген шектi уақыты - 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң интернет-ресурсында www.mod.kz., сондай-ақ, ресми ақпарат көздерiнде және ЖӘБО мен Орталықтардың үй-жайларындағы қабырғаларда орналастырылған стендiлерде орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет мынадай түрде ұсынылады:
      ЖӘБО-ға өтiнiш бiлдiрген кезде:
      аптасына төрт күн сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейiн (сәрсенбi, сенбi, жексенбi және мереке күндерiнен басқа), түскi үзiлiс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейiн.
      Қабылдау кезектiлiк тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз  және жылдамдатылған қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады;
      орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      түскi үзiлiссiз, жексенбiнi қоспағанда, аптасына алты күн сағат 9.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейiн, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн кесте 1 сағаттық түскi үзiлiспен 9.00-ден 19.00-ге дейiн белгiленедi.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттiк қызмет көрсету өтiнiш берушiлердiң тұрғылықты жерi бойынша, соның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi өтiнiш берушiлерге қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген ЖӘБО-ның ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, тосып отыратын креслолар, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады, өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданған.
      Мемлекеттiк қызмет өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша, соның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi өтiнiш бiлдiрушiлерге қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген Орталықтың ғимаратында да көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күтiп отыратын креслолар, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Анықтама алу үшiн өтiнiш бiлдiрушi мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:


      ЖӘБО-ға:
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) әскери билет немесе әскери билеттiң орнына уақытша куәлiк;
      3) жеке куәлiк.
      Анықтама беру Кеңес армиясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының қатарында мiндеттi әскери қызмет өткерген адамға немесе тиiстi сенiмхатпен оған  уәкiлеттi адамға жүргiзiледi.
      Орталықта:
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) әскери билет немесе әскери билеттiң орнына уақытша  куәлiк (қабылданады, бет бойынша тексерiледi, орындалғаннан кейiн қайтарылады);
      3) жеке куәлiктiң көшiрмесi.
      Орталыққа қосымша жоғарыда көрсетiлген құжаттармен салыстыру үшiн жеке куәлiктiң түпнұсқасы ұсынылады (салыстырғаннан кейiн қайтарылады).
      Анықтама беру Кеңес армиясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының қатарында мiндеттi әскери қызмет өткерген адамға немесе тиiстi сенiмхатпен оған  уәкiлеттi адамға жүргiзiледi.
      13. ЖӘБО-да әскери есепке қою және шығару үшiн өтiнiштердiң бланкiлерi күту залындағы арнайы тағандарда орналастырылады, не ЖӘБО қызметкерлерiнде болады.
      Орталықта әскери есепке қою және одан шығару үшiн өтiнiштердiң бланкiлерi күту залындағы арнайы тағандарда орналастырылады, не Орталықтардың консультанттарында болады.
      14. ЖӘБО-да құжаттар қабылдау «терезелердiң» мақсаты мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған, сондай-ақ ЖӘБО қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiлген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
      Құжаттарды қабылдағаннан кейiн ЖӘБО қызметкерi алынған құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiн тексередi, құжаттарды тiркеу үшiн қызметтiк iс жүргiзуге бередi. Құжаттарды кiрiс хат-хабарларын есепке алу журналында тiркегеннен кейiн ЖӘБО қызметкерi есепке алу және мұрағаттық деректер бойынша деректердi салыстырады, анықтама толтырады және ЖӘБО бастығына қол қоюға бередi.
      ЖӘБО бастығы бекiткеннен кейiн анықтама шығыс хат-хабарларын есепке алу журналына тiркеледi және өтiнiш иесiне қолхатта көрсетiлген мерзiмде берiледi.
      Орталық арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетiлген кезде Орталықтың инспекторлары құжаттардың толықтығының осы Стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiн тексерудi, журналға тiркеудi және құжаттарды жинақтау бөлiмiнiң инспекторына берудi жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiмiн жасауды және ЖӘБО-ға жiберудi жүзеге асырады.
      Қоса берiлген құжаттармен өтiнiштердi тиiстi уәкiлеттi органға  және керi жеткiзудi Орталық осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде екi рет жүзеге асырады.
      Құжаттарды қабылдағаннан кейiн ЖӘБО қызметкерi алынған құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiн тексередi, құжаттарды тiркеу үшiн қызметтiк iс жүргiзуге бередi. Құжаттарды кiрiс хат-хабарларын есепке алу журналында тiркегеннен кейiн ЖӘБО қызметкерi есепке алу және мұрағаттық деректер бойынша деректердi салыстырады, анықтама толтырады және ЖӘБО бастығына қол қоюға бередi.
      ЖӘБО бастығы бекiткеннен кейiн анықтама шығыс хат-хабарларын есепке алу журналына тiркеледi және орындалған құжаттар тiзiлiмi жасалады және өтiнiш берушiге беру үшiн Орталыққа жолданады.
      Орындалған (дайын) құжаттар уәкiлеттi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын түсуi тиiс.
      15. ЖӘБО-да құжаттарды қабылдау кезiнде өтiнiш берушiге мыналарды көрсетумен тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi:
      1) өтiнiштiң нөмiрi мен қабылданған күнiн;
      2) сұралған мемлекеттiк қызмет көрсету түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауларын;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орнын;
      5) анықтама ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған ЖӘБО қызметкерiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын.
      Орталық арқылы құжаттарды қабылдау кезiнде өтiнiш берушiге мыналарды көрсетумен тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi:
      1) өтiнiштiң нөмiрi мен қабылданған күнiн;
      2) сұралған мемлекеттiк қызмет көрсету түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауларын;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орнын;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының тегiн, атын, әкесiнiң атын.
      16. Анықтама Кеңес армиясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, баска да әскерлерi мен әскери кұралымдарының қатарында мiндеттi әскери қызмет өткерген адамдарға «терезе» арқылы ЖӘБО қызметкерi өзi келгенде және жеке өзiне бередi.
      Орталықта өтiнiш берушiге дайын құжаттарды берудi Орталық инспекторы қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде қолхаттың негiзiнде Орталықтың инспекторы жүзеге асырады.
      17. Құжаттардан қате (түзетулер, өшiрулер) тапқан кезде ЖӘБО қызметкерi тұтынушыға 1 жұмыс күнi iшiнде анықтама берiлмейтiнiн жеткiзедi.
      Орталықтан келiп түскен құжаттарды ресiмдеуде қате тапқан кезде немесе осы Стандарттың 12-тармағында көрсетiлген толық пакеттi ұсынбаған кезде ЖӘБО қызметкерi құжаттарды алғаннан кейiн 1 жұмыс күнi iшiнде оларды қайтару себебiн жазбаша негiздеумен Орталыққа қайтарады.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн Орталық оларды алғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге хабарлайды және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздемесiн бередi.
      Өтiнiш берушi құжаттарды мерзiмiнде алмаған жағдайда Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды ЖӘБО-ға бередi.
      Анықтама беру үшiн ақпарат пен қажеттi мәлiметтер болмаған кезде ЖӘБО қызметкерi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге мерзiмiн ұзарту туралы хабарлайды.
      Анықтама беру үшiн ақпарат және қажеттi мәлiметтер болмаған кезде ЖӘБО қызметкерi бiр жұмыс күнi iшiнде мерзiмiн ұзарту туралы себептердi жазбаша негiздеумен оларды Орталыққа қайтарады.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн Орталық анықтама беру мерзiмiн ұзарту себебi туралы жазбаша негiздеме бередi.
      Өтiнiш берушi құжаттарды мерзiмiнде алмаған жағдайда Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды ЖӘБО-ға бередi.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ЖӘБО және Орталық қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:


      адамның конституциялық құқықтарын және еркiндiктерiн сақтау;
      қызметтiк борышын орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      сыпайылық
      пәрмендi және толық ақпарат беру;
      ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Өтiнiш берушiге мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. Олар бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы және қол жетiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнiн арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Шағымдану ауызша немесе жазбаша түрде почта арқылы немесе электронды түрде заңнамада белгiленген тәртiппен қабылданады.


      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану  тәртiбi туралы Орталық ақпараттық-анықтама қызметiнiң телефоны арқылы алуға болады: 58-00-58.
      ЖӘБО уәкiлеттi лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi атынан департамент бастығының заң жұмысы жөнiндегi көмекшiлерi (заң кеңесшiлерi) болып табылады. ЖӘБО мекенжайлары мен телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну сапасы бойынша талап-арыз жағдайында шағымдану ЖӘБО бастығы атына немесе жоғары тұрған уәкiлеттi органға берiледi.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну сапасы бойынша шағымдарды, талап-арыздарды қарау жөнiндегi жоғары тұрған уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментi болып табылады.
      Орталық арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну сапасы бойынша шағым Орталық директорының атына берiледi. Орталықтың мекен-жайы мен телефондары осы Стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген.
      23. Келiп түскен шағым уәкiлеттi органның кiрiс хат-хабарларын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен, сондай-ақ өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген мерзiмдерде қаралады.
      Азаматтардың өтiнiштерiн қараудың белгiленген мерзiмдерi - 30 күнтiзбелiк күн, ал қосымша ақпаратты алуды және зерделеудi талап етпейтiндер - 15 күнтiзбелiк күн.
      Осы шағымдануды қарау барысы мен жауапты ЖӘБО-да бiлуге болады.
      Орталықта келiп түскен шағым ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгiленген мерзiмдерде қаралады.
      Шағымдануды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш иесi почта арқылы жазбаша түрiнде хабардар етiледi.

6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкiлеттi органның және Орталық басшыларының қабылдау уақыты осы Стандарттың 10-тармағында көзделген уәкiлеттi органның және Орталықтың жұмыс кестесiне сәйкес айқындалады.


      Уәкiлеттi органның байланыс телефондары ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi органның үй-жайларында орналасқан стендiлерде көрсетiледi.
      Орталықтың байланыс телефондары 3-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi органның үй-жайларында орналасқан стендiлерде көрсетiлген.
      25. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, еркiн экономикалық аймағы, № 2 үй, интернет-ресурсы: www.mod.kz.
      ЖӘБО байланыс телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген.

«Әскери қызмет өткергенiн растау 


туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк
қызмет көрсету стандартына   
1-қосымша           

Кесте. Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап қызметi белгiленген мерзiмде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)










1.2. Қызмет алуды кезекте ___ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресiмдеген жағдайлардың (жүргiзiлген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) %-ы (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету тәртiбiнiң сапасын және ол туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Тұтынушы құжаттарды бастапқыдан дұрыс толтырған және тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесi)










3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










«Әскери қызмет өткергенiн растау 
туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк
қызмет көрсету стандартына   
2-қосымша           

Р/с №

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттерiнiң атауы

ҚIД орналасқан мекенжай

Телефон нөмiрлерi

1

Астана қаласының ҚIД

010000, Астана қаласы, Затаевич көшесi, 21

38-27-09
53-47-46

2

Алматы қаласының ҚIД

480091, Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесi, 96

263-82-51

3

Ақмола облысының ҚIД

020000, Көкшетау қаласы, Кенесары көшесi, 42

40-16-76

4

Ақтөбе облысының ҚIД

030019, Ақтөбе қаласы, 312-шi атқыштар дивизиясы даңғылы, 12

54-55-64
54-74-13
54-54-67

5

Алматы облысының ҚIД

040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 31/33

21-06-78
21-05-83

6

Атырау облысының ҚIД

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесi, 6

32-32-21
32-59-85

7

Шығыс Қазақстан облысының ҚIД

492000, Өскемен қаласы, Новатор көшесi, 18

24-93-66
24-55-39

8

Жамбыл облысының ҚIД

080012, Тараз қаласы, Ленин көшесi, 59

43-17-96
45-13-57

9

Батыс Қазақстан облысының ҚIД

417000, Орал қаласы, Шевченко көшесi, 54

51-10-18
51-05-67
51-08-56

10

Қарағанды облысының ҚIД

100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесi, 9

56-02-62
56-33-56

11

Қостанай облысының ҚIД

458000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесi, 150

50-14-66
39-04-66
39-08-11

12

Қызылорда облысының ҚIД

120016, Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесi, 134

24-73-38
24-65-36
24-56-63
24-73-38

13

Маңғыстау облысьшың ҚIД

134000, Ақтау қаласы, 22-шағын аудан, 2

43-24-81
43-32-51

14

Павлодар облысының ҚIД

140006, Павлодар қаласы, Чкалов көшесi, 20/1

33-47-55

15

Солтүстiк Қазақстан облысының ҚIД

015010, Петропавл қаласы, Осипенко даңғылы, 1

46-95-91
46-48-23

16

Оңтүстiк Қазақстан облысының ҚIД

160009, Шымкент қаласы, Григоренко көшесi, 8

54-95-88
55-81-29
53-59-63

«Әскери қызмет өткергенiн растау 
туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк
қызмет көрсету стандартына   
3-қосымша           

Р/с №

Орталықтардың атауы

Орталықтар орналасқан мекенжай

Телефон нөмiрлерi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» - үй

40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-57-87

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-41-33

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесi, 6-үй

28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

51-03-46

6

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Семей қаласы, 408-шi квартал, 21-үй

33-55-93

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-18

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-68-81

9

Қарағанды облысьшың ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

54-10-20

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, нөмiрсiз үй

23-08-46

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, 67«б» үй

31-85-16

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-55

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-31-03

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, нөмiрсiз үй

30-06-79

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

263-82-51

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

248-17-77

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-47-01

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

239-65-52

20

Алматы қаласы Түрксiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-35

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО

Алматы қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-02-06

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 70 «а» көше

40-65-62

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Пушкин көшесi, 97-үй

32-42-79

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 81-шi көше, 85-үй

37-74-34

с. 1

скачать файл